A- A A+
Ақмола облысының дін істері басқармасы Ақмола облысының дін істері басқармасы
Ақмола облысының дін істері басқармасының брифингі

2018 жылдың 26 сәуiрiнде Ақмола облысының Аймақтық коммуникациялар қызметiнiң (бұдан әрi — АКҚ) баспасөз-залында дiн iстерi басқармасының (бұдан әрi — ДIБ) «Ақмола облысының аумағында экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимыл туралы» тақырыбында брифинг өттi.

Iс-шараның спикерлерi: Касенов Болат Неғметжанұлы, ДIБ басшысы жəне Сатыбалдина Гүлнұр Қабиболлақызы, ДIБ жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау дамыту орталығы» КММ (бұдан əрi КҚТДО КММ) директоры.

Б.Касенов баяндамасында аймақтағы дiни ахуалдың қысқаша сипаттамасын ұсынды, аймақтағы халық арасында ДIБ ақпараттық-түсiндiру қызметi туралы, деструктивтi дiни ағымдарды ұстанушылар арасында пiкiрлерiн өзгерту жұмыстары туралы және дiни қатынастар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында болжанған өзгертулер туралы айтып бердi.

Г.Сатыбалдина өз сөзiнде КҚТДО КММ-ның 2017 жылы жəне ағымдағы жыл басынан берi өткiзiлген едəуiр маңызды оқиғаларын және дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алуда қолданылатын инновациялық әдiстер туралы айтып, қазақстандық жастар арасында ақпараттық және түсiндiру жұмыстарын жүргiзу маңыздылығын атап өттi.

Кездесу барысында спикерлер журналистердiң сұрақтарына жауап бердi, конфессияаралық қатынастардың негiзгi мәселелерi бойынша конструктивтi пiкiр алмасылды.

Брифинг соңында Б.Касенов «Көкше» өңiрлiк телеарнасына сұхбат бердi.

Iс-шараға АКҚ, ДIБ жəне БАҚ өкiлдерi қатысты (12 адамды қамтылды).

 

Мақаланың шыққан күні: 26.04.2018
Қаралым саны: 156

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының дін істері басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көш., 87, 300 каб.

8 (7162) 51 13 50;

religion@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 8 (7162) 51 13 62 телефон нөміріне хабарласуға болады