A- A A+
Ақмола облысының дін істері басқармасы Ақмола облысының дін істері басқармасы
Достық үйінде дөңгелек үстел

2018 жылы 3 мамырда Ақмола облысының дiн iстерi басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келiсiм бойынша облыстық кеңеспен бiрлесiп Достық үйiнде «Бiздiң күш-жiгерiмiз бiрлiкте» тақырыбында дөңгелек үстел өткiздi.

Дөңгелек үстелге Ақмола облысының дiн iстерi басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ директорының орынбасары, «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалының өкiлi, дiни бiрлестiктердiң басшылары, облыстық қоғамдық келiсiм кеңесiнiң өкiлдерi, этномәдени бiрлестiктердiң жастары, Көкшетау қаласындағы Михаил Архистратиг приходының балалары мен ата-аналары қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келiсiм бойынша облыстық кеңестiң төрағасы Ғ.Т. Төлеғұл қатысушыларды Қазақстан халқының бiрлiгi күнiмен, Отан қорғаушылар күнiмен және Жеңiс күнiмен құттықтады. Өз сөзiнде ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-сессиясының жұмысына қатысу туралы айтып, осы сессияда Мемлекет басшысының бес әлеуметтiк бастаманы жариялағанын атап өттi. Қазақстанның ұлттық байлығы бiздiң халқымыздың бiрлiгi деп санауға болады. Ол Жеңiс күнiн атап өтудiң маңыздылығын атап өттi.

«Науан Хазiрет» мешiтiнiң имамы К.Ж. Сәбит және Көкшетау және Ақмола эпархиясының епископы Серапион қатысушыларды мереке күндерiмен құттықтап, «Бiрлiк маңызды, бұл Қазақстанның сақталуын және көбейтiлуiн қажет ететiн байлық» деп атап өттi. Олар халықтың бiрлiгiн сақтау мәселесiнде өздерiнiң жұмысы туралы айтып бердi.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясының делегаты, «Қазақ тiлi мен мәдениетi» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы М.К.Киiков өз сөзiнде дiндер мен ұлтқа қарамастан дiнбасылары бiздiң мемлекетiмiзде бейбiтшiлiктi сақтауға үлес қосып отырғанын атап өттi.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесi төрағасы, Қоғамдық келiсiм бойынша облыстық кеңестiң мүшесi З.Е.Киiкова Президент әрдайым жастармен жұмыс iстеу қажеттiлiгi туралы айтатындығын айтты. Аналар кеңесiне бiздiң өңiрде тұратын түрлi ұлт өкiлдерi кiредi. Кеңес жиi университеттер мен колледждердiң студенттерiне мастер-класстар өткiзедi, олардың барысында ұлттық тағамдар дайындау бойынша тренингтер өткiзiледi. Қорытындылай келе, қатысушыларды мерекелермен құттықтады.

Басқарманың бас маманы Бессмертная Г.В. басқарма атынан, қатысушыларды Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесiмен, Отан қорғаушылар күнiмен және Жеңiс күнiмен құттықтады. Өз сөзiнде ол 2012 жылдан бастап Отан қорғаушылар күнiнiң мемлекеттiк мереке болып саналатындығын және демалыс күнi болып табылатындығын еске салып өттi. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандық отандастардың ерлiктерi туралы әңгiмелеп бердi. Кеңес Одағының Батырлары атағын алған отандастардың кейбiр есiмдерiн тағы да еске салды.

Дөңгелек үстелдiң қорытындысы бойынша Дiн iстерi басқармасы өткiзген Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс күнiне арналған «Жеңiс әр адамның жүрегiнде» дiни бiрлестiктерiнiң өкiлдерiнiң балалары арасында суреттер байқауының қорытындысы өттi. Байқау екi санат бойынша өттi. «Қатысушылардың жастары» санатында 10 жасқа дейiн дипломдар мен сыйлықтар табыс етiлдi:

3 орынды 2 қатысушы бөлiстi: Александра Клеменьева және

Мухарская Алиса;

2 орын — Цацук Маргарита;

1 орын — Мартынова Анастасия.

«Қатысушылардың жастары» санатында 11 жастан 16 жасқа дейiн:

3 орын — Барышникова Дарья;

2 орын — Шарук Ксения;

1 орын — Коробков Никита.

Барлық балалар Көкшетау қ. Архистратиг Михаил православ приходының өкiлдерi болып табылады.

Облыстық қоғамдық келiсiм кеңесiнiң төрағасы қоғамдық келiсiмдi және ұлттық бiрлiктi нығайтқаны үшiн Ақмола облысындағы Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының өкiл имамына, Науан Хазiрет мешiтiнiң имамы Қуаныш Жұмабайұлы Сәбитке; «Жақия қажы» мешiтiнiң имамы Халиков Серiк Ергебекұлына; Көкшетау және Ақмола епархиясының епископы Серапионға және Великомученик Георгий Победоносец ғибадатханасы приходының дiн қызметкерi Копнин Константин Борисовичке алғыс хаттар табыс еттi.

Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының алғыс хаттары, дипломдары мен мүсiндерi — этномәдени бiрлестiктердiң жас өкiлдерi: Тё Викторияға, Елисеева Екатерина Александровнаға, Тепсуркиева Диана Макшериповнаға, Қазбекова Алина Жанатқызына, Черкиева Айна Русланқызына, Шарафутдинов Наильге табыс етілді.

 

Мақаланың шыққан күні: 05.05.2018
Қаралым саны: 337

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының дін істері басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көш., 87, 300 каб.

8 (7162) 51 13 50;

religion@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 8 (7162) 51 13 62 телефон нөміріне хабарласуға болады