A- A A+
Ақмола облысының дін істері басқармасы Ақмола облысының дін істері басқармасы
Ауыл әкімдерімен кездесу

2018 жылғы 24 және 25 сәуiрде, Ақмола облысының дiн iстерi басқармасының бас маманы Г.В. Бессмертная iшкi саясат бөлiмдерi қызметкерлерiнiң көмегiмен Жақсы және Атбасар аудандарының ауылдық округтерiнiң әкiмдерiмен кеңес өткiздi. Сонымен қатар, кездесуге сәулет және жер қатынастары бөлiмдерiнiң мамандары қатысты.

Iс-шара барысында аймақтағы және аудандардағы дiни ахуал туралы ақпарат берiлдi. Дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк қызметтер туралы ақпаратта дiни ғимараттар салу үшiн жер бөлу тәртiбi түсiндiрiлдi. «Дiни iс-шараларды өткiзуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келiсу туралы шешiм беру» стандарттына сәйкес дiн iстерi басқармасымен аталған үй-жайларды келiсу тәртiбi түсiндiрiлдi. Бұдан басқа, «миссионерлiк қызмет» түсiндiрiлдi және шетелдiк азаматтар да, Қазақстан Республикасының азаматтары да оны жүзеге асыруына мысалдар келтiрiлдi.

Атбасар ауданында өткiзiлген кеңеске Ақмола облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаментiнiң инфекциялық және паразиттiк аурулар бойынша эпидемиологиялық қадағалау бөлiмiнiң басшысы А.Б. Төлеубаева қатысты. Ол өзiнiң баяндамасында иммундау туралы әңгiмеледi, оның мақсаты дифтерия, сiреспе, қызылша, полиомиелит, қызамық, А және В вирустық гепатиттерi, құтыру, тұмау және басқа да қайтыс болуына немесе мүгедектiкке әкелуi мүмкiн көптеген инфекциялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету.

Мақаланың шыққан күні: 27.04.2018
Қаралым саны: 358

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының дін істері басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көш., 87, 300 каб.

8 (7162) 51 13 50;

religion@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 8 (7162) 51 13 62 телефон нөміріне хабарласуға болады