A- A A+
Ақмола облысының дін істері басқармасы Ақмола облысының дін істері басқармасы
Мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыру, нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпарат.

Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясында ұзақ мерзiмдi басымдықтардың бiрi кәсiби мемлекеттi құру болып белгiленген. Бiздiң мемлекетiмiздiң алдында тұрған кәсiби жоғары мемлекеттiк қызметтi және басқарудың тиiмдi құрылымын құру iсiндегi мiндеттердi iске асыру көбiнесе мемлекеттiк қызметшiнiң кәсiптiлiгiне негiзделедi. Президент Н.Назарбаев елдi тиiмдi басқаруы үшiн мемлекеттiк қызметшiде болуға тиiстi негiзгi қасиеттердi атап көрсеттi. Бұл — моралдық жоғары жауапкершiлiк, кәсiптiк бiлiм, бiлiмiн тәжiрибеде қолдана бiлу, адалдық, ақ ниеттiлiк, белсендi өмiршеңдi ұстаным. Мемлекеттiк қызметтегi әрбiр адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезiне бiлуi және өз елiнiң патриоты болуы тиiс.

Мемлекеттiк жүйенi дамытудағы басым бағыттардың бiрi — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiсiнiң жағымды имиджiн қалыптастыру және нығайту.

Мемлекеттiк қызметшiнiң жағымды имиджiн қалыптастыру процесi атқарушы билiктiң бедел саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттiк қызметшiнiң жағымды имиджiне қойылатын негiзгi ережелер Қазақстан Республикасының Ар-намыс Кодексiнде анықталған, онда былай деп белгiленген: «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң адамгершiлiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды».

Мемлекеттiк қызметтiң имиджi мемлекеттiк органдармен халыққа көрсетiлген қызметтiң сапасына байланысты.

Мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыру шеңберiнде:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан ары жетiлдiру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықта мемлекеттiк қызметшiлердiң мiнез-құлқының этикалық нормаларын нығайту;

- халықтың мемлекеттiк билiк органдарына деген сенiмiн арттыру;

- мемлекеттiк қызметшiлердi патриотизмге және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiкке, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiн қатаң әрi мүлтiксiз сақтауға тәрбиелеу;

- көпшiлiк санасында кәсiбилiк, адалдық, ашықтық, сыпайылық және құзыреттiлiк ұғымдарына негiзделетiн мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыру жоспарланған.

Мемлекеттiк қызметшiнiң оң имиджiн қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында белсендi түсiндiру-насихаттау жұмысы жүргiзiледi. «Электрондық үкiмет» порталын мемлекеттiк органдардың қызметi және үздiк мемлекеттiк қызметшiлер туралы материалдарды жариялау бөлiгiнде жүйелi түрде жаңарту қамтамасыз етiлген.

Мемлекеттiк қызметтiң ашықтығы, қолжетiмдiлiгi қамтамасыз етiлiп, патриотизмге тәрбиелеу жөнiндегi жұмыс жүргiзiлiп, мемлекеттiк қызметтiң қоғамдағы тартымдылығы арттылады, мемлекеттiк қызметшiлердi, әсiресе жастарды қоғамға және мемлекетке қызмет етуге, мемлекеттiк қызметтi жоғары кәсiбилiк, патриоттық, адал атқарудың үздiк үлгiлерiнде тәрбиелеу жөнiнде шаралар қабылданды.

Дата создания статьи: 26.01.2018 16:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.01.2018 16:07
Қаралым саны: 760

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының дін істері басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көш., 87, 300 каб.

8 (7162) 51 13 50;

religion@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 8 (7162) 51 13 62 телефон нөміріне хабарласуға болады