A- A A+
Ақмола облысының дін істері басқармасы Ақмола облысының дін істері басқармасы
Ақмола облысы дін істері басқармасы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы ҚР Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарының арасында уәкiлеттiлiктердi шектеу мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару базалық құрылымын бекiту туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысын iске асыру мақсатында, Ақмола облыстық мәслихатының «Ақмола облысын басқару схемасын бекiту туралы» 2013 жылғы 26 маусымдағы № 5С-15-2 шешiмiмен, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 2 шiлдедегi қаулысымен «Ақмола облысының дiн iстерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — басқарма) құрылды.

2013 жылдың 18 шiлдесiнде әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өттi.

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiлген штат саны лимитiне сәйкес, басқармада 6 адам қызмет атқарады (басшы, 2 бөлiм басшылары, 3 бас маман).

Ақмола облысының дiн iстерi басқарманың функциялары

«Ақмола облысының дiн iстерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Ақмола облысының бойынша дiн саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарманың миссиясы: конфессияаралық келiсiм саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру, Ақмола облысының дiни бiрлестiктерiмен өзара iс-қимыл және дiни нанымдар бойынша азаматтардың бостандығына құқығын жүзеге асыру.

Мiндеттерi:

1) Конфессияаралық келiсiмдi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыру және жүзеге асыру, дiни наным еркiндiгiне азаматтардың құқықтарын және дiни бiрлестiктермен өзара әрекет етудi жүзеге асыру бойынша ұсыныстар дайындау;

2) дiни бiрлестiктердiң, дiни бiлiм беру ұйымдарының, миссионерлердiң қызметi және азаматтардың дiни сенiм бостандығы құқығын iске асыру саласындағы үдерiстердi талдау мен нәтижелерiн жинақтап қорыту, жан-жақты және объективтi зерделеу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Басқармаға жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

Функциялары:

1) өңiрдегi дiни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргiзедi;

2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

3) дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

5) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарайды;

6) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша жергiлiктi деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

7) дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiтедi, сондай-ақ ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде дiни iс-шаралар өткiзуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келiседi;

8) ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм қабылдайды;

9) дiни бiрлестiктердi құруға бастамашы азаматтардың тiзiмдерiне тексеру жүргiзудi қамтамасыз етедi;

10) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамдарды тiркеудi жүргiзедi;

11) конфессияаралық келiсiмдi және толеранттылықты нығайту мәселелерi бойынша халықтың әр түрлi топтарымен ақпараттық-насихаттау шараларын iске асырады және ұйымдастырады;

12) конфессиялық саясат саласында бұқаралық ақпарат құралдарымен және үкiметтiк емес ұйымдармен өзара әрекеттеседi;

13) Қазақстан Республикасының дiн саласындағы заңнамаларының бұзылуы анықталған жағдайда, кейiннен сот органдарына берiлуiмен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды;

14) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Дата создания статьи: 25.01.2018 11:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.01.2018 11:22
Қаралым саны: 488

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының дін істері басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көш., 87, 300 каб.

8 (7162) 51 13 50;

religion@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 8 (7162) 51 13 62 телефон нөміріне хабарласуға болады