A- A A+
Ақмола облысының дін істері басқармасы Ақмола облысының дін істері басқармасы
2017 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп

1.Жалпы ереже

1) Қызмет берушi туралы мәлiмет –Көкшетау қ., Абай көш., 87 үй, 300 каб. орналасқан Ақмола облысының дiн iстерi басқармасы (бұдан әрi — Басқарма), байланыс телефоны 8 (7162) 51-13-50.

2) Мемлекеттiк қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттiк қызметтер саны — 3:

«Миссионерлiкқызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу»; «Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы шешiм беру»; «Дiни iс-шараларды өткiзуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келiсу туралы шешiм беру» (бұдан әрi Мемлекеттiк қызметтер);

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер саны — 2:

«Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы шешiм беру»; «Дiни iс-шараларды өткiзуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келiсу туралы шешiм беру»;

Ақысыз және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер саны:

3 мемлекеттiк қызмет — ақысыз;

Қағаз және (немесе) электрондық форматта көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер саны:

3 мемлекеттiк қызмет — қағаз нысанда;

Бекiтiлген мен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерстандарттары мен регламенттер саны:

Мемлекеттiк көрсетiлетiн стандарттар «Дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрiнiң 2017 жылғы 26 шiлдедегi № 113 бұйрығымен бекiтiлдi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн регламенттер Ақмола облысының әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 6231 болып тiркелген Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 24 қарашадағы № А-12/547 қаулысымен бекiтiлдi.

3) Едәуiр сұранысқа ие мемлекеттiк қызметтер туралы ақпарат.

2017 жылы көрсетiлген қызметтер саны — 106: Миссионерлiкқызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу — 105, Дiни iс-шараларды өткiзуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келiсу туралы шешiм беру — 1. Мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту — жоқ.

2. Қызметтi алушымен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiк көздерi мен орындары туралы ақпарат.

- Қызмет көрсету тәртiбiн түсiндiретiн стандарттар мен ақпарат, www.e.gov.kz электрондық үкiмет порталында, Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң Дiн iстерi комитетiнiң www.din.gov.kz интернет-ресурсында, облыс әкiмдiгiнiң e.akmo.gov.kz сайтында, басқарманың udr-akm.kz сайтында, басқарманың ақпараттық стендiнде орналастырылған. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпараттар мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бiрыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу 1414 арқылы да қамтамасыз етiлуi мүмкiн.

3) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер процесiнiң анықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары).

- Мемлекеттiк қызметшiлер, дiни бiрлестiктердiң жетекшiлерi, ҚХА Қоғамдық келiсiм кеңесiнiң мүшелерi, ауыл тұрғындары, әлеуметтiк қызметкерлер, жастар (725 адам қамтылды) үшiн 16 iс-шара (дөңгелек үстелдер, семинарлар, лекциялар) өткiзiлдi.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 25 тамызында 2017 жылғы 23 тамыздағы № 30 бұйрығын және 2017 жылға арналған мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылау жоспарын орындау үшiн Ақмола облысының Дiн iстерi басқармасы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер сапасына тексеру жүргiздi: 2016 жыл және 2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығы. Барлық қызметтер мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн бұзусыз көрсетiлдi.

2017 жылдың 18 наурызында «Акмолинская правда» газетiнде «Миссионерлiкқызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк қызметi туралы мақала жарияланды.

2017 жылдың 19 қазанында «Акмолинская правда» газетiнде басқарма көрсететiн мемлекеттiк қызметтер туралы мақала жарияланды.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру
бойынша қызмет

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер — автоматтандырылмаған.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласында қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

- 2017 жылы басқарманың мамандары мемлекеттiк қызметтер көрсету саласында бiлiктiлiктерiн арттырудан өткен жоқ.

3)Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiннормативтiк-құқықтық жетiлдiру.

Мемлекеттiк қызметтер стандарттарының өзгеруiне байланысты басқарма Ақмола облысының әкiмдiгi бекiткен және облыстың әдiлет департаментiнде тiркелген мемлекеттiк қызметтердi көрсету регламенттерiнiң жобаларын әзiрледi.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

1)Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат — түскен жоқ.

2)Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi — бұзушылақтар жоқ.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкiлеттi орган жүргiзген мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының тиiмдiлiгiн және қызметтi алушылардың
бұдан әрi қанағаттанушылықтарын арттыру келешегi

Басқарма мемлекеттiк қызметтер сапасына қызмет алушылардың қанағаттануы мақсатында уәкiлеттi органның стендiнде және интернет-ресурсында ұсынылатын мемлекеттiк қызметтер туралы ақпарат орналастырылды, қажеттi құжаттарды күту және дайындау кезiнде қызмет алушыларға арналған жағдайлар (күтуге арналған орындықтар, құжаттарды толтыру орындары, толтыру үлгiлерiмен қажеттi құжаттардың тiзiмi) жасалды.

Мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманы қатаң сақтауды қамтамасыз ету мәселесi басқарманың үнемi бақылауында.

Дата создания статьи: 07.02.2018 14:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.02.2018 15:32
Қаралым саны: 557

Комментарии


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының дін істері басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көш., 87, 300 каб.

8 (7162) 51 13 50;

religion@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 8 (7162) 51 13 62 телефон нөміріне хабарласуға болады