A- A A+
Ақмола облысының дін істері басқармасы Ақмола облысының дін істері басқармасы
Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Облыс әкiмдігiнiң жанындағы дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес (әpi қарай Кеңес) - облыс әкiмдігiнiң жанындағы консультативтiк-кеңестiк орган болып табылады.

2. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Өкiметiнiң актілерін, және басқа да нормативтік-құқықтық актілер мен осы Ереженi басшылыққа алады.

3. Кеңес өз жұмысын облыстық мемлекеттік органдармен, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктермен, сонымен қатар республикалық ұйымдармен бірлесе отырып жүзеге асырады.

2. Кеңестің міндеттері және атқаратын жұмыстары

4. Кеңестің негізгі міндеттері:

1) облыста діннің даму жағдайын қорытындылау, сараптау және жан-жақты дәйекті түрде зерттеу;

2) облыста дінге сену еркіндігі туралы заңдардың сақталуы және діннің даму жағдайы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ақпарат 6epіп отыру;

3) діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудандық пен қалалық Кеңестердің жұмыстарын үйлестіру;

4) діні бірлестіктер арасындағы өзара келісім мен сыйластықты нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес консультативтік көмек көрсетіп отыру.

5. Кеңестер өздеріне жүктелген міндеттерге және заңда белгіленген тәртіптерге сәйкес төмендегі жұмыстарды жүзеге асырады:

1) азаматтардың діни сенім еркіндігі құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету бойынша облыстағы мемлекеттік саясаттың бағыттарының негізгі құрылуында қатысады;

2) азаматтардың діни сенім бостандық құқықтарын әсер ететін заңнаманың жетілдірілуі бойынша ұсыныстар әзірленеді;

3) азаматтардың дінге сену еркіндігі құқықтарын қамтамасыз ету бойынша облыстағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша консультативтік жұмыстар жүргізеді.

3. Кеңестің құқықтары

6. Кеңес өзінің құзыреті ішінде құқылы:

1) Кеңестің міндеттеріне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, діни ұйымдар мен жеке адамдардан ақпарат талап ету;

2) Кеңес мәжілісіне Кеңес құзырына кіретін мәселелер бойынша органдар мен ұйымдар өкілдерін шақыру;

3) Кеңес міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

4) жергілікті мемлекеттік органдардың Кеңес құзырына қатысты мәселелері бойынша ақпараттық дерекқорын пайдалану.

4. Кеңес жұмыстарын ұйымдастыру

7. Кеңесті торағасы (әкім немесе облыс әкімдерінің бірі) басқарады. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның қызметін төрағаның орынбасары атқарады. Кеңес төрағасы оның қызметін басқарады, мәжілістерге төрағалық етеді, жұмыс жоспарлайды, шешімдерді жүзеге асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады.

8. Кеңес мәжілістері кем дегенде жарты жылда бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс мәжілісін оның төрағасы өз еркімен немесе Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бірінің талабы бойынша шақырылады.

9. Кеңес мәжілісі оған кеңес мүшелерінің екіден үш бөлiгi қатысқан жағдайда ғана заңды деп саналады. Кеңес шешімі жиналысқа қатысқан Кеңес мүшелерінің көп дауысымен Қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші роль атқарады.

10. Мәселелерді қарастырып, мәжілісті дайындау және Кеңес жұмысына сараптама жасау үшін жұмыс тобы құрылады, оны Кеңес мүшелерінің, бipi басқарады.

11. Кеңестің жұмыс орны жұмысты ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды дайындауды және Кеңес мәжілістерінің хаттамаларын ресімдеуді жүзеге асыратын Ақмола облысының Әділет департаменті болып табылады. Мәжіліс материалдары Кеңес мүшелеріне кеңес өткізілетін күннен кем дегенде 3 күн бұрын жолданады.

12. Аудандық, қалалық әкімдіктер жанындағы кеңестің жұмыс органы болып аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімдері болып табылады.

13. Кеңес алдыңғы қатарлы конфессиялардың басшыларынан, дін танушы ғалымдардан, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерінен, қоғамдық өкілдерден құралады. Кеңес мүшелері қоғамдық жұмысты тегін атқарады.

14. Кеңес құзырына қатысты қажетті материалдар дайындау үшін ұйымдар, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары білікті мамандар тартылуы мүмкін.

15. Кеңестің шешімі хаттамамен рәсімделеді және ұсынысты сипатта болады.

5. Кеңестің жұмысын тоқтату тәртібі

16. Кеңес өз жұмысын облыс әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы
дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi кеңестiң
құрамы

1. Мырзалин Мәлік Кеңесбайұлы - Ақмола облысының әкімі, төрағасы
2. Мысырәлімова Айна Ермекқызы - Ақмола облысы әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары
3. Касенов Болат Неғметжанұлы - Ақмола облысы дін істері басқармасының басшысы, төрағаның орынбасары
4. Бессмертная Галина Васильевна - Ақмола облысы дін істері басқармасының бас маманы, кеңестің хатшысы
Мүшелері:
5. Баядилов Ермек Сайранұлы - «Насихат» кеңес беру-оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша)
6. Беспалинов Берген Маратұлы - Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы(келісім бойынша)
7. Галлямов Ринат Фаатович - Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының басшысы
8. Жайықбаев Ерлаз Мұхтарұлы   «Белый блогер» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
9. Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы - Ақмола облысы білім басқармасының басшысы
10. Ысқақов Тимур Маратұлы   Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы
11. Қапышев Ардақ Қайыржанұлы - тарих ғылымдарының кандидаты, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыстар кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша)
12. Кәрімова Гүлмира Тоқтарқызы - Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы
13. Қасымов Руслан Саттарұлы - Ақмола облысы қорғаныс істері департаментінің басшысы (келісім бойынша)
14. Қисықова Сәуле Дүйсебекқызы - Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы
15. Колосницин Сергей Сергеевич - Көкшетау және Ақмола Епархиясының Серапион епископы (келісім бойынша)
16. Красовский Эвальт Александрович - Ақмола облысының Евангель-лютеран приходының басшысы (келісім бойынша)
17. Саденов Ержан Сапарбекұлы - Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің басшысы (келісім бойынша)
18. Сүлейменов Нұргали Сыбанқұлұлы - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басқармасының бастығы (келісім бойынша)
19. Сатыбалдина Гүлнұр Қабиболлақызы - Ақмола облысы дін істері басқармасының жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
20. Сәбит Қуаныш Жұмабайұлы - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысы бойынша өкіл имамы (келісім бойынша)
21. ТатановӘлібек Жартайұлы - «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамы Ақмола филиалының директоры (келісім бойынша)
22. Төреғожа Қайырбай Зейноллаұлы - «Арқа ажары» облыстық газетінің бас редакторы
23. Төлегенова Венера Маратқызы - Ақмола облысы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы
24. Өтеулина Раушан Қасымқызы - «Акмолинская правда» облыстық газеті бас редакторының міндетін атқарушы
25. Шаймердинов Қазбек Асқарұлы - Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы (келісім бойынша)
Дата создания статьи: 25.01.2018 12:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.09.2018 16:01
Қаралым саны: 943

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының дін істері басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көш., 87, 300 каб.

8 (7162) 51 13 50;

religion@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 8 (7162) 51 13 62 телефон нөміріне хабарласуға болады