A- A A+
Ақмола облысының дін істері басқармасы Ақмола облысының дін істері басқармасы
Қаулылары және бұйрықтар

14.01.2016 редакциясында

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2016 жылы 16 ақпанда № 13085 болып тiркелдi

Орта бiлiм беру ұйымдары үшiн мiндеттi мектеп формасына қойылатын талаптарды бекiту туралы

«Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Қоса берiлiп отырған Орта бiлiм беру ұйымдары үшiн мiндеттi мектеп формасына қойылатын талаптар бекiтiлсiн.

Мектепке дейiнгi және орта бiлiм, ақпараттық технологиялар департаментi (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшiн «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн он күн iшiнде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi Е.Н.Иманғалиевке жүктелсiн.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы

Бiлiм және ғылым министрi А. Сәрiнжiпов

Қазақстан Республикасы

Бiлiм мен ғылым министрiнiң

2016 жылғы 14 қаңтардағы

№ 26 бұйрығымен бекiтiлген

Орта бiлiм беру ұйымдарында мiндеттi мектеп формасына қойылатын талаптар

Жалпы ережелер

Осы орта бiлiм беру ұйымдарында мiндеттi мектеп формасына қойылатын талаптар (бұдан әрi — Талаптар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес бiлiм алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi.

Жоғарыда аталған Талаптар бiлiм берудiң зайырлы сипатын iске асыруға және орта бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушыларының арасында әлеуметтiк, мүлiктiк және басқа да өзгешелiктердiң белгiлерiн жоюға бағытталған.

Осы Талаптарда мынадай негiзгi ұғым қолданылады:

орта бiлiм беру ұйымы — бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны.

Талаптардың мақсаты — мiндеттi мектеп формасын қолдануда орта бiлiм беру ұйымдарының бiрыңғай келiсiмiн қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының және қоғамдық кеңестердiң (мектеп кеңесi, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитетi) жауапкершiлiгiн арттыру.

Мiндеттi мектеп формасына қойылатын талаптар орта бiлiм беру ұйымдарының фойесiнде, ал таныстыру мақсатында орта бiлiм беру ұйымдарының Интернет-ресурстарында жарияланады.

Орта бiлiм беру ұйымдарындағы мiндеттi мектеп формасына қойылатын талаптар

Орта бiлiм беру ұйымдарының мiндеттi мектеп формасы (бұдан әрi — мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келедi. Мектеп формасының үлгiсi, түсi классикалық стильде, бiрыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстердi араластыруға рұқсат етiледi. Мектеп формасының түсi қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.

Мектеп формасы бiлiм алушылардың жас ерекшелiктерiне қарай енгiзiледi.

Мектеп формасы күнделiктi, мерекелiк және спорттық болып бөлiнедi.

Ұлдардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, шалбар, мерекелiк жейде, күнделiктi жейде (қысқы мезгiлде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркiн тiгiлген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Қыздардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркiн тiгiлген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Ұлдардың мерекелiк формасы күнделiктi формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшiн ақ түстi блузкадан құралады.

Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киiмнен (крассовка, кеды) тұрады.

Мектеп формасына классикалық пiшiндегi мектеп формасының негiзгi түсiне сәйкес немесе кереғар келетiн галстук тiгiледi.

Мектеп формасына түрлi конфессияларға қатысты киiм элементтерiн қосуға болмайды. Орта бiлiм беру ұйымында кез келген дiни конфессияға қатынасын бiлдiретiн дiни киiмдердi (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киiмдерi және т.б ) және кез келген дiни атрибутикаларды (белгiлердi) киюге тыйым салынған.

Мектеп формасына орта бiлiм беру ұйымының ерекшелiк белгiлерiн (белгiлер, тiгiспелер және т.б.) салуға болады. Олар киiмнiң немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлiгiнде орналасады.

Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткiзiлу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескерiлiп, iске асырылады.

Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киiм мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.

Мектеп формасын енгiзу барысында мата құрамына назар аударылады.

Мектеп формасының матасы ретiнде қасиеттерi жақсартылған жартылай жүн және мақта, киiске төзiмдi, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттерi бар маталар қолданылады.

Мектеп формасының түсiн, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта бiлiм беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпымектептiк ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекiтiледi.

Мектеп формасына өзгерiстер енгiзу туралы шешiм қоғамдық кеңеспен келiсу арқылы қабылданады.

Ата-аналар және өзге заңды өкiлдер бiлiм алушылардың орта бiлiм беру ұйымында белгiленген мектеп формасын киюiне жауап бередi.

Орта бiлiм беру ұйымдарында мiндеттi мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау

Орта бiлiм беру ұйымының басшысы (бұдан әрi — Басшы) және қоғамдық кеңес (мектеп кеңесi, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитетi) мiндеттi мектеп формасын енгiзу кезiнде осы Талаптарды басшылыққа алады.

Ата-аналар мен өзге де заңды өкiлдер мектеп формасы туралы мәселелердi талқылауға қатысады және оны жетiлдiру бойынша ұсыныс енгiзедi, оны кез келген сауда желiсiнен сатып алады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары, аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмдерi ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын шығаратын өндiрушiлерден сатып алуды ұсынады, бiрақ оларды нақты өндiрушiлерден сатып алуды мiндеттемейдi немесе оқу орнында форма сатуды ұйымдастырмайды.

Басшы ағымдағы жылғы 25 мамырға дейiн мектеп формасының бекiтiлуiн қамтамасыз етедi.

Басшы бiлiм алушылардың мектеп формасын сақтауы мәселесiн қоғамдық кеңестiң талқылауына шығарады.

Басшы осы Талаптармен ата-аналарды немесе заңды өкiлдердi бiлiм алушыны бiлiм беру ұйымына қабылдау туралы өтiнiш (еркiн нысанда) беру кезiнде қол қойғызу арқылы және жалпы мектептiк ата-аналар жиналысында таныстырады.

Жарияланды: «Егемен Қазақстан» 01.05.2014 ж. № 85 (28309)

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) «Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерiнiң басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

2) «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

3) «Дiнтану сараптамасын жүргiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

4) «Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

5) «Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

6) «Дiни iс-шараларды өткiзуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келiсу туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 қаулысымен бекiтiлген

«Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн,

шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни

бiрлестiктерiнiң басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттiк

көрсетiлетiн қызмет стандарты

Жалпы ережелер

1. «Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерiнiң басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi әзiрлеген.

3. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiне немесе шетелдiк дiни орталықтың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктердiң басшыларын тағайындауына келiсiм-хат не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу үшiн:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) шетелдiк дiни бiрлестiктiң орналасқан жерiн растайтын құжат;

3) шетелдiк дiни бiрлестiктiң пайда болу тарихы мен дiни наным негiздерiн ашатын, өзiне тиiстi дiни қызмет туралы мәлiметтерден тұратын баспа дiни материалдар;

4) құрылтайшы шетелдiк дiни бiрлестiк шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қайылған, мемлекеттiк және орыс тiлiндегi аудармасы бар нотариалды куәландырылған құжат;

шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктердiң басшыларын тағайындауына келiсу үшiн:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үмiткер туралы, оның шетелдiк дiни орталықтағы бұрынғы қызметi туралы мәлiметтер қамтылған қолдаухат;

2) үмiткердi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн дiни бiрлестiктiң басшысы етiп тағайындау туралы шешiм;

3) дiни бiрлестiктiң басшысы лауазымына үмiткердiң паспортының немесе жеке куәлiгiнiң көшiрмесi.

Құжаттар шетел тiлiнде ұсынылған жағдайда, олардың қазақ және орыс тiлдерiне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрiндегi аудармасы ұсынылады.

Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегi, аты-жөнi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлiп мөртаңба қойылған көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшiнiң көшiрмесi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан осы тармақта көрсетiлген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

10. Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiк басшысының қызметi конституциялық құрылысына, қоғамдық тәртiпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершiлiгiне қатер төндiретiн болса, мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға негiз болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн

қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдардың

шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк көрсетiлген қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.

Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетiлген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бере алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiлген өзге

де талаптар

13. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге мүмкiндiгi шектеулi көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш берген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi: ғимарат мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустармен жабдықталған.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн жердiң мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz «электронды үкiмет» веб-порталында орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң телефоны арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерiнiң басшыларын тағайындауын келiсу мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына

1-қосымша

өтiнiш нысаны

Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң төрағасы

_________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

Өтiнiш берушi ___________________________________________

(жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты

(болған жағдайда), мекенжайы мен телефоны.

Заңды тұлғалар үшiн ұйымның атауы,

почталық мекенжайы мен телефоны)

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк дiни бiрлестiктiң

қызметiне келiсiм беру туралы өтiнiш

Мен, __________________________________________________________

(шетелдiк дiни бiрлестiк басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты

бар болса)

________________________________________________________________,

(паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат

(берiлген күнi, нөмер, құжатты берген орган)

___________________________________________________________________,

(шетелдiк дiни бiрлестiктiң ұстанатын дiнi)

Қазақстан Республикасы аумағындағы __________________________________

(шетелдiк дiни бiрлестiктiң толық атауы)

қызметiне келiсудi сұраймын.

Қосымша:

1)

2)

Өтiнiш берушiнiң қолы ______________ Өтiнiш берген күнi _____________

«Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерiнiң басшыларын тағайындауын келiсу мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына

2-қосымша

қолдаухат нысаны

Қазақстан Республикасы

Дiн iстерi агенттiгiнiң төрағасы

___________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

шетелдiк дiни бiрлестiктiң басшысынан

___________________________________________

(жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты

(болған жағдайда) мекенжайы мен телефоны)

Қазақстан Республикасында шетелдiк дiни орталықтың дiни

бiрлестiктiң басшысын тағайындауы туралы қолдаухат

Осымен Қазақстан Республикасындағы _____________________

____________________________________________________________________

(Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктiң толық атауы)

басшысы ретiнде ____________________________________________________,

(Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiк басшысының

тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат

____________________________________________________________________

(берiлген күнi, нөмiрi, құжатты берген орган)

тағайындауға келiсуiңiздi сұраймын.

____________________________________________________________________

(кандидаттың шетелдiк дiни орталықтағы бұрынғы қызметi туралы

мәлiметтердi көрсету керек)

___________________________________________________________________,

(шетелдiк дiни орталықтың орналасқан жерi туралы мәлiметтер)

___________________________________________________________________.

(құрылтайшы шетелдiк дiни орталықтың шетел мемлекетiнiң заңнамасы

бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын құжат

(тiркеу нөмiрi, күнi, құжатты берген орган, қолданылу мерзiмi)

___________________________________________________________________.

(шетелдiк дiни орталықтың ұстанатын дiнi мен орналасқан жерi)

Қосымша:

1)

2)

Өтiнiш берушiнiң қолы _____________ Өтiнiш берген күнi ______________

Қазақстан РеспубликасыҮкiметiнiң 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 қаулысымен бекiтiлген

«Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және

қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi әзiрлеген.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiн беру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының дiн iстерi басқармалары (бұдан әрi — басқармалар) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

материалдар бойынша қорытынды алу үшiн дiнтану сараптамасын жүргiзу кезiнде тiркеу немесе қайта тiркеу мерзiмi тоқтатыла тұрады. Сараптама жүргiзу мерзiмi сараптама объектiсi келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспайды. Сараптама жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуi қажет болған жағдайда, сараптама жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн;

Осы көрсетiлетiн қызмет стандартының 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген негiз бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету тоқтатылған (дiнтану сараптамасы ұзартылған) жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi тоқтатылғаннан (дiнтану сараптамасы ұзартылған) бастап екi жұмыс күнi iшiнде оның мерзiмiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызмет көрсетудi уақытша тоқтату туралы хабарлайды;

2) құжаттар пакетiн тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және басқарманың жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi — жұма аралығында 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушы паспортының немесе жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

3) дiни бiрлестiк атынан миссионерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар дiни бiрлестiк берген құжат;

4) миссионерлiк қызметке арналған дiни әдебиет, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, дiни мақсаттағы заттар.

Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасында миссионер ретiнде тiркелу үшiн қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

1) миссионер өкiлдiк етiп отырған дiни бiрлестiктiң шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша ресми тiркелгенiн куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат;

2) Қазақстан Республикасында тiркелген дiни бiрлестiктiң шақыру құжаты.

Шет тiлiндегi құжаттар қазақ және орыс тiлдерiне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашының қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрiнде ұсынылады.

Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегi, аты-жөнi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлiп мөртаңба қойылған көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшiнiң көшiрмесi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан осы тармақта көрсетiлген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

10. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтен бас тартуға мыналар негiз болып табылады:

1) дiнтану сараптамасының терiс қорытындысы;

2) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртiпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершiлiгiне қатер төндiретiн миссионерлiк қызмет.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн

қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдардың

шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк көрсетiлген қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкiмiнiң атына жазбаша нысанда берiледi.

Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетiлген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бере алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiлген өзге

де талаптар

13. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге мүмкiндiгi шектеулi көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш берген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi: ғимарат мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустармен жабдықталған.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн жердiң мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz «электронды үкiмет» веб-порталында орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң телефоны арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Миссионерлiк қызметтi жүзеге

асыратын тұлғаларды тiркеудi және

қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк

көрсетiлетiн қызмет стандартына

1-қосымша

куәлiк нысаны

____________________________________________________________ әкiмдiгi

(облысының, республикалық маңызы бар қаланың және астананың)

Миссионердi тiркеу(қайтатiркеу)туралы

куәлiк

________________________

(тiркеу нөмiрi)

_______ қаласы 20 жылғы « »

Осы куәлiк «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» 2011

жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

____________________________________________________________ берiлген

(куәлiк берiлетiн адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса))

және миссионер ретiнде 20__ жылғы «___» __________ тiркелгенiн растайды.

Өз қызметiн жүзеге асыратын аумақ шегi: ______________________________

Алғашқы тiркелген күнi 20__ жылғы «___» _____________________________

(қайта тiркелген кезде көрсетiледi)

Паспорт немесе жеке куәлiгi:

___________________________________________________________________

(берiлген күнi, нөмiрi, құжатты берген орган)

Азаматтығы: ________________________________________________________

___________________________________________________________________

(дiни ұстанымы және атынан миссионерлiк қызмет атқаратын дiни

бiрлестiктiң атауы)

Осы куәлiк 20__ жылғы «___» __________________ дейiн жарамды.

Әкiм не ол уәкiлеттiк берген тұлға (лауазымы мен тегi, аты-жөнi)

____________________________________________________________________

Қолы _____________________________________ Мөр

Бланк сериясы Бланк №

«Миссионерлiк қызметтi жүзеге

асыратын тұлғаларды тiркеудi және

қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк

көрсетiлетiн қызмет стандартына

2-қосымша

өтiнiш нысаны

_______________________________________________

(облысының, республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) әкiмiне

_______________________________________________

(тегi, аты-жөнi)

өтiнiш берушi _______________________________________________

(жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты

(бар болған жағдайда), мекенжайы және телефоны)

Миссионердi тiркеуге (қайта тiркеуге)

өтiнiш

Өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты: ___________________________

Орналасқан (тұратын) мекенжайы: _____________________________________

Паспорт немесе жеке басын куәландыратын басқа құжат (күнi, нөмiрi,

құжатты берген орган) ______________________________________________

Азаматтығы:________________________________________________________

____________________________________________________________________

(дiни ұстанымы және атынан миссионерлiк қызмет атқаратын дiни

бiрлестiктiң атауы)

Миссионерлiк қызмет мерзiмi: _______________________________________.

Визаның қолданылу мерзiмi __________________________________________.

Қызметтi жүзеге асыру аумағы: ______________________________________.

(облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана)

Мен,___________________________________________________ миссионерлер

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

қызметiн реттеуге қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының

заңнамасымен танысқанымды растаймын _________________________ (қолы).

Қосымша:

Өтiнiш берушiнiң қолы ____________ Өтiнiш берiлген күн ______________

Қазақстан РеспубликасыҮкiметiнiң 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 қаулысымен бекiтiлген

«Дiнтану сараптамасын жүргiзу»

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Дiнтану сараптамасын жүргiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi әзiрлеген.

3. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң сараптамалық қорытынды нәтижелерi туралы хаты.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсынылу нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi — жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Құжаттарды қабылдау, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке тұлғалар үшiн — жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып — дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың көшiрмесi;

Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлға өз қызметiн тоқтатқанға дейiн жарамды болып табылады;

3) сараптама объектiсiнiң Қазақстан Республикасы ұйымдарының кiтапхана қорларына түскенiн растайтын құжаттың көшiрмесi не миссионерлердi немесе дiни бiрлестiктi тiркеу үшiн берiлген өтiнiштiң көшiрмесi, не Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi. Аталған құжаттар мынадай жағдайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы ұйымдарының кiтапхана қорларына сондай–ақ уәкiлеттi органға дiни әдебиеттiң, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттың материалдардың түсуi; жеке тұлғалардың миссионерлер ретiнде тiркеу және дiни бiрлестiктердi тiркеу туралы өтiнiшi; жеке өзi пайдалануға арналған материалдарды қоспағанда, дiни мазмұндағы ақпараттық материалдарды әкелу;

4) дiнтану сараптамасының объектiлерi (дiни бiрлестiктiң құрылтай құжаттары; дiни мазмұндағы құжаттар (дiни бiрлестiктiң құрылымын, дiни iлiмiнiң негiздерiн, дiни тәжiрибесiн айқындайтын құжаттар, сондай-ақ дiни қызметтiң нысандары мен әдiстерiн сипаттайтын құжаттар); рухани (дiни) бiлiм беру бағдарламалары; дiни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен әдебиеттер; дiни мақсаттағы заттар). Ұсынылған материал шет тiлiнде болған жағдайда, оның мемлекеттiк не орыс тiлдерiндегi нотариалды куәландырылған теңтүпнұсқалы аудармасы берiледi.

Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегi, аты-жөнi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлiп мөртаңба қойылған көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшiнiң көшiрмесi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан осы тармақта көрсетiлген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн

қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдардың

шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк көрсетiлген қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.

Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетiлген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бере алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiлген өзге

де талаптар

12. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге мүмкiндiгi шектеулi көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш берген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi: ғимарат мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустармен жабдықталған.

13. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн жердiң мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz «электронды үкiмет» веб-порталында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң телефоны арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Дiнтану сараптамасын жүргiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымша

өтiнiш нысаны

Қазақстан Республикасы

Дiн iстерi агенттiгiнiң төрағасы

_______________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

Өтiнiш берушi

_______________________________________

_______________________________________

_______________________________________

(жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң

аты (бар болса) мекенжайы мен

телефоны.Заңды тұлғалар үшiн

почталық мекенжайы мен телефоны)

Өтiнiш

Сiзден төмендегi дiни материалдарға дiнтану сараптамасын

жүргiзудi сұраймын: _________________________________________________

(авторы (және/немесе аудармашы, құрастырушы), басылым деректерi (қала, баспасы, шыққан жылы, бет саны) сараптама нысанының атауын көрсете отырып тiзбелеу)

Дiнтану сараптамасын жүргiзу __________________________________

________________________________________________________байланысты

(себебi көрсетiледi, бұл ретте ұйымның кiтапхана қорына түскен жағдайда ұйымның атауы мен түскен күнiн көрсету қажет, миссионерлердi немесе дiни бiрлестiктi тiркеуге өтiнiш берiлген жағдайда, қабылданған күнiн және мұндай өтiнiштi қабылдаған органды,Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген жағдайда — әкелiну күнiн көрсету қажет)

Өтiнiш берушiнiң қолы, күнi,

мөр(заңды тұлғалар үшiн)

Қазақстан РеспубликасыҮкiметiнiң 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 қаулысымен бекiтiлген

«Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын

жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi

(ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын

өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру» — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi әзiрлеген.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары (дiн iстерi басқармаларымен келiсiм бойынша сәулет және қала құрылысы басқармалары) (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiн беру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы басқармалары (бұдан әрi — басқармалар) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерiн айқындау, немесе үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiмi немесе осы стандарттың 10-тармағына көзделген жағдайда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және басқарманың жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн анықтау үшiн:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке тұлғалар үшiн — жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып — дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың көшiрмесi;

Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлға өз қызметiн тоқтатқанға дейiн жарамды болып табылады;

3) тiркелген дiни бiрлестiктiң басшысы қол қойған ғибадат үйiн (ғимаратын) салу туралы еркiн нысандағы негiздеме (ғибадат үйiнiң (ғимаратының) атауы және ол тиесiлi болатын дiни бiрлестiк, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта дiни қажеттiлiгiн қанағаттандыруға мұқтаж келушiлер саны, ғибадат үйiнде (ғимаратында) қызмет ететiн дiни қызметкерлерге үмiткерлер көрсетiлген);

4) ғибадат үйiн (ғимаратын) салу жоспарланып отырған ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететiн жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйiн (ғимаратын) салуға (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келiсетiнi туралы шешiмiнiң көшiрмесi;

ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) үшiн:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке тұлғалар үшiн — жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып — дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың көшiрмесi;

Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлға өз қызметiн тоқтатқанға дейiн жарамды болып табылады;

3) жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспортының көшiрмесiмен қоса, құқық белгiлеушi құжаттың көшiрмесi және жер учаскесiнiң сәйкестендiру құжатының көшiрмесi, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылады;

4) жылжымайтын мүлiк нысанына ауыртпалықтардың жоқ екендiгi туралы анықтама;

5) меншiк иесiнiң үйдi (ғимаратты) ғибадат үйi (ғимараты) етiп қайта бейiндеуге келiсуi туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);

6) тiркелген дiни бiрлестiктiң басшысы қол қойған ғибадат үйiн (ғимаратын) салу туралы еркiн нысандағы негiздеме (ғибадат үйiнiң (ғимаратының) атауы және ол тиесiлi болатын дiни бiрлестiк, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта дiни қажеттiлiгiн қанағаттандыруға мұқтаж, келушiлер саны, ғибадат үйiнде (ғимаратында) қызмет ететiн дiни қызметкерлерге үмiткерлер көрсетiлген);

7) ғибадат үйiн (ғимаратын) салу жоспарланып отырған ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететiн жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйiн (ғимаратын) салуға (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келiсетiнi туралы шешiмiнiң көшiрмесi;

Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегi, аты-жөнi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлiп мөртаңба қойылған көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшiнiң көшiрмесi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан осы тармақта көрсетiлген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

10. Үйдiң (ғимараттың) мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, Қарулы күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етумен, жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығын қорғаумен байланысты басқа да қызметтердiң, дiни бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, бiлiм беру ұйымдарының ғимараттарында және аумағында орналасуы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға негiз болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн

қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдардың

шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк көрсетiлген қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкiмiнiң атына жазбаша нысанда берiледi.

Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетiлген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бере алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiлген өзге

де талаптар

13. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге мүмкiндiгi шектеулi көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш берген жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi: ғимарат мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустармен жабдықталған.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн жердiң мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz «электронды үкiмет» веб-порталында орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң телефоны арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу

және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ

үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)

етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын

өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн

қызмет стандартына 1-қосымша

Өтiнiш нысаны

__________________ (облысының, республикалық

маңызы бар қаланың, астананың) әкiмiне

____________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

Өтiнiш берушi

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

(жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты,

мекенжайы және телефоны, заңды тұлғалар үшiн

ұйымның атауы, почталық мекенжайы және

телефоны)

Өтiнiш

____________________________ мекенжайы бойынша орналасқан жалпы

көлемi _________ гектар жер учаскесiнде ғибадат үйiн (ғимаратын) салу

туралы шешiм берудi сұраймын.

Ғибадат үйi _________________________________________________.

(конфессияға тиесiлiлiгi)

Ғибадат үйi құрылысын қаржыландыру көзi ______________________.

Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) ____________________.

_____________

Қолы, күнi

Мөрi (заңды тұлғаларға)

«Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу

және олардың орналасатын жерiн айқындау, сондай-ақ

үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары)

етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын

өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн

қызмет стандартына 2-қосымша

Өтiнiш нысаны

__________________ (облысының, республикалық

маңызы бар қаланың, астананың) әкiмiне

____________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

Өтiнiш берушi

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________

(жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты,

мекенжайы және телефоны, заңды тұлғалар үшiн

ұйымның атауы, почталық мекенжайы және

телефоны)

Өтiнiш

______________________________________________ мекенжайы бойынша

орналасқан _____________________________ үйiн (ғимаратын) ғибадат үйi

(ғимараты) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту)

туралы шешiм берудi сұраймын.

Ғибадат үй ________________________________________________.

(конфессияға тиесiлiлiгi)

Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) ____________________.

______________

Қолы, күнi

Мөрi (заңды тұлғаларға)

Қазақстан РеспубликасыҮкiметiнiң 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 қаулысымен бекiтiлген

«Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық

материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы

тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы шешiм беру»

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi әзiрлеген.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiн беру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының дiн iстерi басқармалары (бұдан әрi — басқамалар) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы шешiм.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн ұсыну түрi: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызмет алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұма аралығында 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке тұлғалар үшiн — жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып — дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың көшiрмесi;

Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлға өз қызметiн тоқтатқанға дейiн жарамды болып табылады;

3) тiркелген дiни бiрлестiктiң басшысы қол қойған дiни әдебиеттi, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы туралы еркiн нысандағы негiздеме (сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-шаруашылық үй-жайлардың бар-жоғы, сондай ақ үй-жайдың пайдалану мақсаты дiни әдебиеттердi, дiни мазмұндағы өзге де ақпаратты сақтауға және сатылымға қоюға әзiрлеуге арналғандығы; үй-жайды салу мақсаты; үй-жайдан (ғимараттан) бес жүз метр қашықтықта дiни бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, бiлiм беру ұйымдары, мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сот және құқық қорғау органдары, қылмыстық-атқару жүйесi ғимараттарының жоқ екендiгi, сондай-ақ екi жүз метр қашықтықта мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар ғимараттарының жоқ екендiгi көрсетiлген);

4) жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспортының көшiрмесiмен қоса, құқық белгiлеушi құжаттың көшiрмесi және жер учаскесiнiң сәйкестендiру құжатының көшiрмесi, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылады;

5) меншiк иесiнiң үй-жайды дiни әдебиеттердi және дiни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн пайдалануға рұқсат етуге келiсуi туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады).

Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегi, аты-жөнi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлiп мөртаңба қойылған көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшiнiң көшiрмесi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан осы тармақта көрсетiлген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн

қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдардың

шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк көрсетiлген қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.

Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетiлген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бере алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiлген өзге

де талаптар

12. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге мүмкiндiгi шектеулi көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш берген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi: ғимарат мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустармен жабдықталған.

13. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн жердiң мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz «электронды үкiмет» веб-порталында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң телефоны арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы

өзге де ақпараттық материалдарды

дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн

арнайы тұрақты үй-жайлардың

орналастырылуын бекiту туралы шешiм

беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн

қызмет көрсету стандартына

қосымша

өтiнiш нысаны

________________________________________ әкiмiне

(облыс, республикалық маңызы бар қала,

астанан)

______________________________

(тегi, аты-жөнi)

өтiнiш берушi

_______________________________________________

_______________________________________________

(жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң

аты (бар болса), мекенжайы және телефоны,

заңды тұлғалар үшiн заңды тұлға (басшысының

тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) атауы,

почталық мекенжайы және телефоны)

Өтiнiш

Сiзден ____________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайдың орналастырылуын бекiту туралы шешiм беруiңiздi сұраймын.

Өтiнiш берушiнiң (жеке тұлғаның не заңды тұлға басшысының) қолы және күнi

Мөрi(заңды тұлғалар үшiн)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

2014 жылғы 24 ақпандағы № 137

қаулысымен бекiтiлген

«Дiни iс-шараларды өткiзуге арналған үй-жайларды ғибадат

үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келiсу

туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Дiни iс-шараларды өткiзуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келiсу туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi әзiрлеген.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiн беру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының дiн iстерi басқармалары (бұдан әрi — басқармалар) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — дiни iс-шараларды өткiзуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келiсу-хат не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және басқарманың жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке тұлғалар үшiн — жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып — дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың көшiрмесi;

Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлға өз қызметiн тоқтатқанға дейiн жарамды болып табылады;

3) тiркелген дiни бiрлестiктiң басшысы қол қойған дiни iс-шараларды өткiзуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыру туралы еркiн нысандағы негiздеме (ол тиесiлi болатын дiни бiрлестiктiң атауы; үй-жайларды салу мақсаттары, аталған аумақта дiни қажеттiлiгiн қанағаттандыруға мұқтаж келушiлер саны; үй-жайдан (ғимараттан) бес жүз метр қашықтықта дiни бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, бiлiм беру ұйымдары, мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сот және құқық қорғау органдары, қылмыстық-атқару жүйесi ғимараттарының жоқ екендiгi, сондай-ақ екi жүз метр қашықтықта мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар ғимараттарының жоқ екендiгi көрсетiлген);

4) жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспортының көшiрмесiмен қоса, құқық белгiлеушi құжаттың көшiрмесi және жер учаскесiнiң сәйкестендiру құжатының көшiрмесi, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылады;

5) осы үй-жай немесе ғимарат орналасқан ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететiн жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) дiни iс-шараларды өткiзуге (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келiсетiнi туралы шешiмiнiң көшiрмесi;

6) меншiк иесiнiң үй-жайды дiни iс-шараларды өткiзу үшiн пайдалануға келiсуi туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);

7) заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң аталған ғимаратта немесе үй-жайда дiни iс-шараларды өткiзуге (жақын маңда заңды тұлғаның не жеке кәсiпкердiң үй-жайлары болған жағдайда ұсынылады) келiсетiнi туралы хаты берiледi.

Осы тармақтың 6), 7) тармақшаларында көзделген құжаттарда көрсетiлген күн өтiнiш берiлгенге дейiн үш айдан артық болмауға тиiс.

Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегi, аты-жөнi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлiп мөртаңба қойылған көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшiнiң көшiрмесi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан осы тармақта көрсетiлген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

10. Үй-жайдың мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, Қарулы күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етумен, жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығын қорғаумен байланысты басқа да қызметтердiң, дiни бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, бiлiм беру ұйымдарының ғимараттарында және аумағында орналасуы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға негiз болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн

қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдардың

шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк көрсетiлген қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.

Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетiлген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бере алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiлген өзге

де талаптар

13. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге мүмкiндiгi шектеулi көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш берген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi: ғимарат мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустармен жабдықталған.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн жердiң мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz «электронды үкiмет» веб-порталында орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң телефоны арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Дiни iс-шараларды өткiзуге арналған

үй-жайларды ғибадат үйлерiнен

(ғимараттарынан) тыс жерлерде

орналастыруға келiсу туралы шешiм

беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн

қызметтер стандартына

қосымша

_________________________________________ әкiмiне

(облысының, республикалық маңызы бар

қаланың, астананың)

_________________________________________________

(тегi, аты-жөнi)

өтiнiш берушiден

_________________________________________________

_________________________________________________

_________________________________________________

(дiни бiрлестiк басшысының тегi, аты, әкесiнiң

аты, дiни бiрлестiктiң атауы, почталық

мекенжайы және телефоны)

Өтiнiш

Сiзден ___________________________ мекенжайы бойынша орналасқан дiни iс-шараларды өткiзуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келiсудi сұраймын.

________________________________

дiни бiрлестiк басшысының қолы

________________________________

күнi, дiни бiрлестiктiң мөрi

Дата создания статьи: 26.01.2018 16:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.01.2018 16:03
Қаралым саны: 751

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының дін істері басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көш., 87, 300 каб.

8 (7162) 51 13 50;

religion@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 8 (7162) 51 13 62 телефон нөміріне хабарласуға болады