A- A A+
Ақмола облысының дін істері басқармасы Ақмола облысының дін істері басқармасы
Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс

03.05.2017ж.

«Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс өткiзедi

«Ақмола облысының дiн iстерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87, кабинет 300, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2)51-13-62, факс 8(716-2)51-13-50, электрондық мекен-жайы: religiya_akm@mail.ru.) Ақмола облысы дiн iстерi басқармасы мемлекеттiк органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

«Ақмола облысының дiн iстерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң Дiни бiрлестiктермен қызмет бойынша бөлiмiнiң басшысы, «D-O-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 109 932 теңгеден 148 242 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: бөлiмдi жалпы басқаруды жүзеге асырады; Ақмола облысы аумағында дiни бiрлестiктердiң қызметiн зерделейдi және талдайды; дiни экстремизмнiң алдын алу және қарсы iс-қимыл, конфессияаралық қатынастарды нығайту бойынша ақпараттық-түсiндiру шараларын өткiзедi; шетелдегi дiни оқу орындарында оқитын студенттер жөнiнде дерек қорын қалыптастырады; қылмыстық атқару жүйесi департаментiмен бiрлескен жоспарға сәйкес дiни экстремизмнiң алдын алу бойынша сотталғандармен жұмыс жүргiзедi; өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдармен, дiни бiрлестiктердiң басшыларымен өзара iс-қимыл жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiмi, гуманитарлық және әлеуметтiк ғылымдар, құқық не болмаса бiлiм беру.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттiк органдардың кiшi офицерлiк құрамынан төмен емес лауазымдарда екi жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орынынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде тiркелу үшiн Ақмола облысының дiн iстерi басқармасының персоналды басқару қызметiне (кадрлық қызметке) жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажет құжаттар:

1) белгiленген нысандағы өтiнiш;

2)тиiстi персоналды басқару қызметiмен расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе «е-кызмет» ақпараттық кiрiктiрiлген жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: Ақмола облысының дiн iстерi басқармасының және уәкiлеттi органның ресми сайттарында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарлама жарияланған күнiнен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде тапсырылуы керек.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер, әңгiмелесудi 3 жұмыс күн iшiнде әңгiмелесу өткiзу күнi туралы хабарландырылғаннан кейiн Ақмола облысының дiн iстерi басқармасында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар және үмiткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық комиссияның шешiмiне уәкiлеттi органға және оның аймақтық бөлiмшелерiне, немесе сот тәртiбiнде шағымдануына болады.

«Б» корпусының мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымына

орналасуға конкурс өткiзу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi_________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Дата создания статьи: 25.01.2018 16:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.01.2018 16:57
Қаралым саны: 548

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының дін істері басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көш., 87, 300 каб.

8 (7162) 51 13 50;

religion@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 8 (7162) 51 13 62 телефон нөміріне хабарласуға болады